Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Барымта. «Барымта» кезінде қаруланып келген қарсы жақтың адамдары табынымен жылқыны айдап кетеді. Соңынан іздеп келгендерге есе қайтарылмаса «барымтаны» сіңіріп кетеді. «Барымта» ұрлық деп саналмайды. Көп жағдайда «барымтаның» арты үлкен дауға айналып жатады. «Барымта» есе қайтару үшін, не өш алу үшін істеледі. М.Әуезовтың «Абай жолы» романында «барымта» өте жақсы суреттелген. Онда жауласқан Базарәлі мен Тәкежанның арасындағы «барымта» жеріне жеткізе баяндалады. Ертеректе «барымта» қазақ даласында кең етек жайған болатын.

Бәйге. Қазақтың тойы, асы, басқа да мейрамдары күрессіз, ақындар айтысынсыз, ат жарысынсыз өтпеген. Мұндай жарыстарда «бәйгеге» қомақты сыйлықтыр тігілген. Мысалы, күресте жеңген палуанға – түйе, кілем, ақынға жақсы ат, шапан сыйлаған. Осы дәстүр біздің халықтың рухын, мәдениетін көтерген.

Белкөтерер. Бұл қарт адамдарға көрсетілетін құрмет. «Белкөтерер» дәмді, жұмсақ, колориясы мол қазы, сары май, жент, қымыз, ақ ірімшік, т.б. дайындалған. Көп жағдайда «белкөтерер» тағамдарды көршілері, балалары, жақын туыстары әкелген. Естеріне алып құрметтегендеріне риза болған кәрілер жақсы тілектерін айтып, бата берген. Бұл дәстүр кейінгі жастарға керемет үлгі болған. Қарт адамдарға қалай күтім көрсету керек екені жөнінде. «Белкөтерер» науқасынан айығып келе жатқан адамдарға да жасалады.

Бес жақсы. «Бес жақсы» берілетін адамдар атына заты сай ерекше құрметке лайықты азаматтар болу керек. Құдалар арасында «бес жақсы» зор құрметтің, сыйластықтың, достықтың белгісі болған. «Бес жақсыға» – қара нар, жүйрік сәйгүлік, парсы кілем, бұлғын ішік, алмас қылыш жатады. Бұлардың құны 4-5 ат болған.
***
Бетке түкіру. «Бетке түкіру». Сөзбен, қол жұмсамай өзінің жек көретін, көңілі қалған адамның «бетіне түкіреді» – қолынан басқа ештеңе келмейтін шамасыз адам осыған барған. Бетіне түкірілген адамға бұл аса ауыр болған. Намыстанып қиналған.

Дүре соғу. «Дүре соғу» – жаза түрі. Аса ауыр, кісіні ұятқа батыратын жаза. Дүре соғуды қамшымен орындайды. Жаза кесілген адамға қылмысына қарай 25, 50, 75, 100 дүре соққан. Бұл жаза – ұрлық істеген, біреуге қиянат жасаған адамдарға қолданылған. Жаза көпшіліктің алдында жүзеге асады. Дүреден өлген адамға құн төленбейді. Бұның тәрбиелік мәні зор. Осыны көрген адамдар мұндай қылмысқа еш уақытта бармайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар