Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен шағын құрамда келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың елімізге ресми сапары Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара стратегиялық әріптестік пен экономикалық іс-қимылдардың дамуына соны серпін беретінін атап өтті.
– Александр Григорьевич, Сіздің сапарыңыз біз үшін аса маңызды. Өйткені бұл біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастардың шынайы достық сипатқа құрылғанын дәлелдейді. Сонымен қатар екі елдің іскерлік әріптестігіне, оның ішінде, экономикалық, гуманитарлық байланыстар мен халықаралық қарым-қатынастарға тың серпін береді, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасы тәуелсіздігінің негізін қалаған көрнекті мемлекет қайраткері Александр Лукашенкоға Қазақстанда шынайы құрметпен қарайтынын атап өтті.
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасында қалыптасқан тарихи достық байланыстарға назар аударды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар