Маңызды мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды

25 қазанда Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы болды. Онда халық үшін аса маңызды бірқатар мәселелер қаралды.

Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе: 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау. Облыстық экономика және бюджеттік жос-парлау басқармасынын басшысы Қанат Дүзелбаев депутаттарға қаражаттарды қайта бөлу бойынша жағдайды түсіндірді. Басқарма басшысының айтуынша, жылу беру маусымын өткізуге қатысты мәселе ерекше назарға алынған. Жергілікті жерлердегі жолдардың құрылысы мен күрделі жөндеу жүргізу, бюджет қаражаттарын тиімді игеру, соның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бөлінген қаражаттарды игеру мәселелері қаралды.
Сессияда депутаттар төмендегі мәселелер бойынша шешім қабылдады:
– Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
– Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есбінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ақмола облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы мәселені талқылауға енгізді.
Сонымен бірге, депутаттар нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу және жаңаларын бекіту бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар