Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересектер арасында темекі өнімдерін қолдануға арналған сауалнама жүргізілмекші.

АЕО қызметкерлері жеке үйлерде, жатақханаларда ғылыми іріктеу жолымен электронды құрылғының (планшет) көмегімен тұрғындардан темекі өнімдерінің түрлерін пайдалануға байланысты сұрау салу жүргізеді. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті мен аты-жөні жазылған (бейдж) интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сауалнама жүргізгендігі туралы ақпарат хаттарының көшірмесі бар.

Жобаның табысты болуына әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы аса маңызды. Сауалнамаға қатысушының берген ақпараттары құпия сақталады. Жеке ақпарат басқа азаматтарға, оның ішінде отбасының мүшелеріне хабарланбайды.

Сауалнама нәтижелерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың лденсаулығын сақтау мақсатында пайдаланатын болады. Ақмола облысында сауалнаманы өткізу Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Ерейментау, Зеренді, Сандықтау, Бурабай және Целиноград аудандарында жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты 8(7172) 55-24-34 телефоны арқылы алуға болады.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар