Шығармашылық пен ынтымақтастықтың куәсі

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында, Ақмола облысы әкімінің қолдауымен облыстық орыс драма театрында

Көкшетауда алғаш рет «ТеАрт-Көкше» Халықаралық театрлар фестивалінің ашылу салтанаты болып өтті.

Алдымен, Ақмола облыстық орыс драма театрының ұйымдастыруымен Қазақстанның, ТМД елдерінің және шетелдердің беделді театр сыншылары мен БАҚ өкілдері арасында баспасөз мәслихаты өткізіліп, шығармашылықпен алмасуға жағдай жасау және бірыңғай мәдени кеңістікті нығайту бағытында әңгіме өрбіді.
Халықаралық театр фестивалінің мақсаты – театр өнерін кеңінен насихаттау, Халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайту, еліміздің және шетелдердің беделді театр сыншыларын шақыру арқылы Көкшетаудың көрікті жерлерімен таныстырып, туризмді дамытуға атсалысу болатын.
Одан әрі фойеде көрермендердің қатысуымен фестивальдің ашылу салтанатында шетелден келген қонақтар таныстырылып, облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін артқарушы Гүлмира Бекназарова құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әр өңірлерінен және шетелден келген өнер тарландарына сәттілік тіледі.
Сонымен, ағымдағы жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында өтетін театр фестивалінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Семей, Қарағанды қалаларының үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, алғаш рет Мәскеу, Рязань, Сергиево-Посад, Кинешем, Вологда және Харьков сынды Украинадан келген ресейлік теа-
трлар ұжымы да өз өнерлерін көрермендер назарына ұсынатын болады.
Фестивальға арналған бұл бағдарламалар облыстық орыс драма театрында, Ш.Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық драма театрында, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда, «Достар» және Көкшетау мәдениет сарайларында өтеді. Байқауға қатысатын қойылымдарды халықаралық беделді сарапшылар, театр сыншылары бағалайтын болады.
Бағалаушы қазылар алқасының төрайымы – Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, театр сыншысы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының театр өнерінің тарихы және теориясы кафедрасының меңгерушісі Сәния Қабдиева.
Фестиваль барысында беделді өнер қайраткерлерінің қатысуымен шеберлік сыныптары да өткізілетін болады. Көкшетауда алғаш рет халықаралық театр фестивалін өткізу достық қарым-қатынас пен жаңа шығармашылық биіктерді бағындыруға және ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етері сөзсіз.
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы сахналаған Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» қойылымына ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Шыңғыс ТӘШЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар