Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Дау шешу. Қазақтар арасында көбіне жер мен жесір дауы орын алған. Дауласқан адамдар биге жүгінген. Даулы мәселе үлкен жиында талқыланған. Сол жерде екі жақтың адамдары дауласудың себебін түсіндіреді. Сөз сұраған адам қамшысын ортаға тастап сөз алады. Қорытынды сөзді төбе би айтады. Оның түпкі мақсаты – екі жақты татуластыру. Төбе бидің байламы қайта қаралмайды. Дау шешілген соң төленетін айыптың оннан бір бөлігі «төбе биге» беріледі. Көп жағдайда айып мал басымен есептеледі.

Емге сұрау. «Емге сұрау» – ауырған адамға ем болу үшін тамақтың өзінде жоқ түрін сұрау. Мысалы, қазы, май айындағы сары май, т.б. Салт бойынша емге сұраған затты міндетті түрде беретін болған. Халқының осынау қамқорлыққа негізделген дәстүріне ешкім қарсы шықпаған.

Емшегін көкке сауу. Баласының істеріне риза болмаған анасы «емшегін көкке сауады». Ата-ананы тыңдамау, оларға қол көтеру, балағаттау кешірілмес күнәға жатқызылған. Мұндай іс-әрекеттері үшін баласына теріс батасын береді. Сол теріс батаның ең ауыры – «ананың емшегін көкке саууы». Бұл қарғыс түрін өзгертуге, кері қайтарып алуға болмайды.

Есекке теріс мінгізу. Қылмыскерді, ұрыны, жеңіл жүрісті ер-әйелді дала заңы бойынша жазалаған. Әдетте жазаға кесілген адамды қара есекке не қара сиырға теріс мінгізіп, аяғын есіктің не сиырдың қарнына байлап, мойнына ескі қара киізді кигізіп, әр үйдің есігінің алдына жетелеп апарған. Көрген адамдар оның бетіне түкірген. Осындайды көрген балалар мен жастар бұдан үлкен сабақ алған.

Жазалау. Билер кеңесінен соң қылмысты адам бидің шешімі бойынша жазасын алған. Жазаның «есекке теріс мінгізу», «дүре соғу» сияқты түрлері жоғарыда сөз болды. Жазаның және бір түрі – ішкілікке салынып көз жұмған адам ауыл бйітінен 100 қадам ары бөлек жерленген. Ал егер әйел ерінің көзіне шөп салған болса, оны «қарабет» деп шашын кескен. Мұндайда оны күйеуі «талақ» етіп тастаған (айырылысқан). Егер адам дінін өзге дінге ауыстырса, оның дүние-мүлкі тәркіленіп, басқа адамдарға бөліп берілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар