Жұмысшы мамандықтары насихатталды

Зеренді ауданының Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінде «Рухани жаңыру» бағдарламасы шеңберінде «Жастар агрофорумы – 2019:

Болашақ – кәсіпқойлар үшін!» тақырыбымен өңірдегі колледж оқушыларының слеті өтті.

«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдары одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға облыстың он агротехникалық колледжінде кәсіби-техникалық білім алып жатқан 115 оқушы қатысты. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өңірде ауыл шаруашылығы саласы мамандарын тәрбиелеуде кәсіби-техникалық мамандықтарды даярлаудың маңыздылығына тоқталды.
Жастардың шығармашылық жетістіктері «Қазақстанның ауыл шаруашылығы: тәжірибе, инновация, прогресс» көрмесінде көрініс тапты. Көрме жоғары эстетикалық деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың 175 және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған «Туған жер» байқауы өтіп, онда қатысушылар актерлік, вокалдық, жоғары кәсіби және шығармашылық шеберліктерін ортаға салды.
Бұдан бөлек, жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттау мақсатында «Үздік механик» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауға қатысушы агротехникалық колледждердің үздік оқушылары автотрактодромда өзара сайысқа түсті. Бизнес-жос-парлары мен ғылыми жобаларын қорғады. Өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Шара соңында үздіктер сертификат, диплом және грамотамен марапатталды. Бұл жолғы агрофорум бүгінгі жастардың аграрлық секторды көркейтіп, дамытуға ұмтылатындығын көрсетті.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар