Уақыт талабындағы өзекті мәселе

Ақмола өңірлік коммуникациялар қызметіндегі кезекті брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Ерлан Мұратов «Ақмола облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбын баяндап берді.

Басқарма басшысы әңгімесін Қазақстан республикасындағы туристік саланы дамытудың 2025 жылғы дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы алға қойған міндеттерден бастады. Мұндағы басты ұстаным – 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің туристік индустриядағы үлесін 8 пайызға жеткізу болып табылады. Бұл Ақмола облысына жүктелер жұмыстың ауқымын кеңіте түсетіні және үйлестіру қызметінің тиімділігін арттыруды талап етеді. Осыған байланысты Щучинск-Бурабай курортты аймағы еліміздің 10-ТОП деңгейлік нысанына еніп отыр. Облыстың қалған аймақтарында бұл бағыттағы жұмыстар 50-ТОП жүйесімен жүргізілуде.
Қазіргі таңда облыс әкімдігі тарапынан арнайы Жол картасы түзіліп, мұның бірінші кезеңінде 68 шараны іске асыру қолға алынды. Салаға құйылған инвестиция 3,4 миллиард теңгені құрап, 49,8 пайызға өскен. Осының нәтижесінде туристік аймаққа келушілер саны былтыр 1,1 миллион адамға жетіп, 6,3 миллиард теңгенің әртүрлі қызметі көрсетілді. Яғни, өңірде туристік қызметтің түрі көбеюмен қатар, туристерді орналастыру, инфрақұрылымдық ауқымды кеңейту мәселелері оң шешімін тауып келеді.
Курортты аймақты дамытудың ІІ кезеңінде облыс әкімдігіне 31,1 миллиард теңгенің 26 іс-шарасын жүзеге асыру тапсырылған. Бұл жұмыс қалыпты ырғақ алуда деп айтуға болады.
Басқарма басшысы одан әрі инвестиция тарту, Мемлекеттік бағдарламалардың саланы өркендетудегі маңызы, мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік, кадр мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Ерлан Құрманұлы алдағы міндеттер қатарында санаториялық-курортты кешенді дамыту, балалар мен жасөспірімдер туризмінің өрісін кеңейту, инвесторларды іріктеу мен олармен жұмысты ширату, туризм индустриясының заманауи талаптарын қамтамасыз ету мәселесін айрықша атап көрсетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар