Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы №23 орта мектепке барып, мектептің материалдық-техникалық

базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесті. Мұғалімдер Президентке мектептің қажеттіліктері туралы айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президентке астананы дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады. Биыл 5 мың орындық 6 жаңа мектеп, ал 2020 жылы 9 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысына Елорда халқының 25 пайызы тұратын қала аумағындағы 16 тұрғын үй алабын дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу жайында да мәлімет берілді. Сондай-ақ, Алтай Көлгінов қазіргі уақытта қалада үш ауысымды 8 мектеп барын, келешекте олардың саны орташа есеппен жыл сайын 10-12 мектепке артатынын айтты. Сонымен қатар, әкім Президенттің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 жаңа спорт нысанының құрылысы басталғанын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің түйіткілді мәселелерімен таныс екенін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті. – Бұл – іске асатын жоспар. Сіздерге алдағы уақытта жаңа мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік болады, – деді Мемлекет басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар