Ең үздік мектеп атанды

Шортанды ауданындағы №3 қазақ орта мектебі республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауында топ жарды.

Павлодар қаласында Ы.Алтынсарин атындағы білім берудің ұлттық академиясы шағын мектептерді дамыту орталығы мен Павлодар облыстық білім басқарамасы бірлесіп ұйымдастырған семинар – байқауға он облыстан шағын мектептер қатысты.
Шараның мақсаты – шағын мектептер арасында өзара байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, ресурстық орталықтар жұмысы мен білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.
Байқауға Ақмола облысы атынан Шортанды ауданындағы №3 қазақ мектебі қатысып, үздік атанды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар