Қуанышбек Мұхамеджанов жаңадан ашылған ет комбинатында алғашқы күннен бастап жұмыс істеуде. Өзінің еңбексүйгіштігімен және кәсіби шеберлігімен тез арада ұжымның абыройлы мүшесі атана білді.

Қасапшылық кәсіпті жетік меңгерген ол жас әріптестерінің сенімді серігі, ақылшы ағасы саналады.
– Бүгінгі ет комбинаттары жаңа технологиямен жұмыс істегенімен, адам қолы бәрібір қажет. Қазіргі кезде біздің «Қаз Вееf» компаниясы жыл сайын 2000 тоннадан астам мәрмәр ет өндіріп, астана дүкендеріне, облыс орталығы мен республикамыздың өзге де қалаларының дастархан сәнін ашуда. Мұнда біздің де лайықты үлесіміз барлығын мақтан етеміз және жаңа табыстарға жетуге құлшына түсудеміз, – дейді кәсіпорынның озат жұмысшысы Қуанышбек Мұхамеджанов.
Суретті түсірген
Төлеген Қосшығұлов.
Біржан сал ауданы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *