Сапалы өнімге сұраныс та жоғары

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өткен сенбі күні Көкшетау қаласындағы «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған

ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің сауда шатырларын аралап көріп, оның ұйымдастырылу деңгейіне назар аударды.

Жәрмеңкеде Атбасар, Ақкөл, Бурабай, Зеренді, Жарқайың, Ерейментау, Егіндікөл, Шортанды, Целиноград аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары өз өнімдерін саудаға шығарды. Қала тұрғындарына нарық бағасынан 10-15 пайыз арзан ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, жәрмеңкеге облыстың жүзден астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өнімнің елуден астам түрін әкелген. Жалпы, мұнда 79,7 миллион теңгенің 75,6 тонна азық-түлік тағамдары саудаланды. Тұтынушыларға 36 тонна ет және оның өнімдері, құс еті, 4,5 тонна балық, 152 мың дана жұмыртқа, 6 тонна сүт және сүт өнімдері, 12 тонна ұн, 6,5 тонна картоп пен көкөніс ұсынылды. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерімен бірге жеміс ағашының көшеттері мен отын да сатылды.
Әсіресе, Ерейментау ауданы құрған сауда шатырының алдында тұтынушылар қарасы көп болды. Олар арзан бағамен жылқы етін сатып алып жатты. Жеке кәсіпкер Қуаныш Өмірбек пен Сілеті ауылындағы «Құлагер» шаруа қожалығының басшысы Жексенбай Ермағамбетовтың саудалары жақсы жүрді. Аталмыш аудан әкімінің орынбасары Нариман Әлдібеков өздерінің 4 тонна ет, 4 тонна көкөніс, сүт өнімдерін әкелгендерін айтты. Сондай-ақ, жарқайыңдықтар 10 ірі қара етін, 10 қой етін, сүт өнімдері мен картоп сатты. Алакөл ауылының әкімі Әбден Смағұловтың айтуынша, 1 ірі қара, 5 қой, 20 құс етін әкеліпті. Жәрмеңкеге келген жұрт 1 келі ірі қара етін 1,5 мың теңгеден, жылқы етін 1,7 мың теңгеден, қой етін 1,4 мың теңгеден, құс етін 850 теңгеден сатып алып жатты. Өнер сүйер қауым облыстың ең үздік шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар