Жазушы-драматург Жабал Ерғалиевпен шығармашылық кездесу өтеді

7 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11)

журналист, публицист, жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің V-VI шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесу өтеді.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, SILKWAY халықаралық университеті студенттері мен елорда жастарының қатысуымен өтетін кездесуде жазушы өзінің шығармашылық жолын баяндайды.

Жабал Ерғалиев «Қазақтың Қарасай батыры», «Сөне көрме, жұлдыздар», «Ұлтым менің, ұлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер ұланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жолсапар жалғаса береді», «Тәуелсіздік толғауы», «Әлемді жүрегіне сыйғызған»,«Құлпытастың көз жасы», «Лето без дождя» кітаптарының, «Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің авторы.

Жазушының «Бұлтты түнгі толған Ай», «Тойғандар мен тозғандар» және «Жетім тағдыр» атты драмалық шығармалары Қазақстанның театрларында сахналанып келеді.

Қатысушылар назарына Жабал Ерғалиевтің кітаптарының көрмесі ұсынылатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі 1,

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ

Баспасөз қызметі: +7 (7172) 69-30-57, 69-30-67

E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар