Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы

Өзіндік қадір-қасиеті сақталған қазақ жерінің қай шетінде болмасын төл руханиятының дәні жоғалмай, сабағының кейінгі ұрпаққа тамыры үзілмей жетуіне, халық қазынасының сақталуына сөз өнерін ерекше игерген ақындарымыздың тағылымы мен шығармалары өскелең ұрпаққа ықпалын тигізері сөзсіз…

Осының бәрі, түптеп келгенде, қазақ сөзінің құдіретін бағалап, өлеңді «өнер» деп таныған ата-бабамыздың құндылығын рухани санамызда тіл арқылы сақтап, қажет кезінде жаңғыртып отыратын дәстүр жалғастығының өміршеңдік қуатында, туған топырақтан тараған сөз бен өлеңнің киесінде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ақындар мен әдебиетшілер жиыны  барысында «Балдәурен»  Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 31 қазан мен 4 қараша аралығында «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.  Сайысқа 5-9 сынып оқушыларынан 32 бала қатысып, 2-кезеңге өткен келесі оқушылар сайыс жеңімпаздары болып марапатталды.

5-7 сынып оқушылар арасында

1-орын Серік Айзере. Жамбыл облысы

2-орын Байболат Ерхан. Нұр-Сұлтан қаласы

3-орын Едіге Мөлдір Ақтөбе облысы

8-9 сынып оқушылар арасында

1-орын Ержанова Меруерт. Қызылорда облысы

2-орын Қайратқызы Әсемай. Маңғыстау облысы

3-орын Ұзақ Гүлнәз. Маңғыстау облысы

Мәңгілік қып өмір берген өлеңдер – ай, – деп ақындар жырлағандай, өлең ешқашан өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олар – біздер үшін өшпес, өлмес асыл мұра. Ал осы мұраны жалғатыру-біздің басты міндетіміз.

«Балдәурен» РОСО

 қазақ тілі мен әдебиеті

 пәнінің мұғалімі

 Бытишева Алмагүл Балташқызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар