Қоржынымызда екі алтын, үш күміс және екі қола медаль

АҚШ-тың Флорида штатында өткен биатл және триатлдан әлем чемпионатында ақмолалық спортшылар екі алтын, үш күміс және екі қола медаль еншіледі.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында болған Ашраф Камалов пен Никита Курганский жасөспірімдер арасында эстафетадан чемпион атанса, Арман Қыдыртаев пен Надежда Бекмағамбетова күміс, ал, Анастасия Захарова мен Рашид Романчук төртінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, жекелей сынға түскен Надежда Бекмағамбетоваға қарсы тұрар ешкім болмады. Ал, ерлер арасында Арман Қыдыртаев пен жасөспірімдер арасында Ашраф Камалов екінші орын алды. Жасөспірімдер арасында Никита Курганский мен орта жастағы жасөпірімдер арасында Рашид Романчук үздік үштікке енді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар