8 қараша – статистика күні

Статистика қызметіне қажеттілік қашанда жоғары

Статистика да басқа ғылымдар сияқты адамдардың практикалық сұраныстарынан пайда болды. Ежелгі заманда салық жинау, әскери қызметін атқару және басқа да қоғамдық мақсаттар үшін қажетті қызметтердің түрін есепке алу керек болды. Осы қажеттілік статистика ғылымын туғызды.

Статистика – цифрлық деректер, қызметтің түрі және білімнің ерекше саласы болып табылады. Статистиканың барлық көптеген анықтамаларын үшке бөлуге болады. Біріншіден, статистика – бұл ақпараттың түрі. Көпшілік «статистика» деген ұғымды негізінен облыстың, республиканың жылдағы, тоқсандағы және өзге де әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы хабарламасымен байланыстырады. Көлемі едәуір болғандықтан, мұндай ақпаратты жинау өте қиын. Бұны орындау тек арнайы дайындалған мамандардың ғана қолдарынан келеді. Осыған орай, статистиканы қызметтің арнайы түрі деп атауға болады. Ол экономиканың дамуы туралы деректерді жинау, қорытындылау және талдау арқылы жасалады. Статистикалық деректерді жинауға жүздеген, мыңдаған адамдар қатысады. Деректерді жинау, қорытындылау және талдау жасау бірыңғай ережелер әзірлеуін қажет етеді. Сондықтан, статис-тика – ғылым саласы деп танылған.
Бір сөзбен айтқанда, статистиканың негізгі міндеті – ақпаратпен қамтамасыз ету. Бірақ, ақпарат біреудің тек әуестігін қанағаттандыру үшін емес, шешім қабылдауға қажет. Барлығы салыстыру арқылы танылады. Бұл ақиқаттың статистикаға тікелей қатысы бар. Статистика зерттеуді өткен кезеңмен, тиісті деректермен салыстыру арқылы іске асырады.
Қазіргі Қазақстан аумағында азды-көпті орталықтандырылған және тұрақты статистикалық қызметінің пайда болуы XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алады.1920 жылға дейін Қазақстанда жергілікті статистикалық қызметтерді біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ. 1920 жылдың 8 қарашасы Қазақстанның бірыңғай орталықтандырылған статистикалық органдарының құрылған күні деп саналады.
Мемлекет статистикасының қалыптасуының бірінші жылдарында басты назар кәсіпорындардың есептеріне аударылды. Нарықтық қатынастарға көшу статистикада да түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал етті. Өндірістік өнімді есепке алудың әдістемесі ауысты. 1990-шы жылдардан бастап жаңа салалар пайда болды – баға статистикасы, үй шаруашылығы статистикасы сияқты жеке салалар бо-йынша ақпараттар дайындалып, ішкі жалпы өнім есептелетін болды, іріктеп зерттеу және өзге де әдістер кеңінен енгізілді. Статистика қоғамдық даму заңдылығын анықтауға көмек көрсетеді. Іріктеп зерттеу жолымен халықтың тұрмыс деңгейіне, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздыққа бақылау жүргізіледі, шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерлердің қызметтері, дәнді дақылдардың өнімділігі анықталады.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан статистикасының реформалау қорытындыларына талдау жүргізе отырып, біздің салада орын алған жаңа да сапалы өзгерістер туралы қанағаттанушылықпен айтуға болады. Қолдағы нәтижелерді қойылған мақсаттар және міндеттермен салыстыра отырып, біздің жалпы жұмысымыздың тиімділігін бағалауға болады.
Санақтар, зерттеулер және өзге жұмыстар жүргізу нәтижесінде республиканың халық шаруашылығын қайта құру және дамыту бойынша басты міндеттерін шешуге қажетті, экономиканы сипаттайтын статистикалық деректер жиналған. Бүгінгі күні Қазақстанның статистикалық жүйесі жоғары халықаралық стандарттарға сай жетілдіріліп, пайдаланушылар үшін қолжетімді болды. «Е-Статистика» интегралданған ақпараттық жүйесі жобасын іске асыру шеңберінде, деректерді жинау және өңдеу бойынша үдерістерді автоматтандыру мақсатында Статистика комитеті рес-понденттерге on-line тәртібінде статистикалық есептілік нысандарын электрондық түрде тапсыруға мүмкіндік берді.
Департамент сайтында пайдаланушылардың кең тобы үшін экономиканың барлық салалары бойынша ақпарат ұсынылған. Ашық есік күндері, баспасөз конференциялары, респонденттермен семинар-кеңестер өткізіледі, талдау материалдары шығарылады. Әрине, Ақмола облыстық статистика департаментінде статистикалық қызметтің деңгейі мен сапасын белгілейтін басты рөлді адамдар атқарады. Облыстың статистика органдарында 160-тан аса маман қызмет атқарады. Жалпы, бұл кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды топтастырған ұйым. Жұмыс істейтіндердің 76 пайызын әйелдер құрайды. 90-ға жуық маман статистика органдары жүйесінде 10 жылдан артық жұмыс істейді, 23 адам – Қазақстан Республикасы статистикасының үздігі.
Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыстағы статистика ардагерлері Жеңіс Букинге, Айдос Әбутәліпов, Алтын Қасымова, Еркін Көкенова, Римма Булатова, Гүлназия Сейдахметова, Людмила Лазорская, Любовь Шульгина, Татьяна Суворова, Күлназия Сейтембетова, Валентина Шевчук, Мағия Үмбеталиева, Тамара Барбанова, Гүлнәр Төлешова, Галина Мягкова, Светлана Козлова, Любовь Локштейн, Замария Жакеева, Алма Сарыбаева мен өзгелерге айтар алғысымыз зор. Бұл ардагерлеріміз статистика қызметінің өркендеп, дамуына өз үлестерін қосқан. Көкшетау қаласы бойынша 73 статистика ардагерлері бар. Қиыншылықтарға қарамастан, ұжым жыл сайын ардагерлерге материалдық көмек көрсетіп, мереке күндері және қарттарды қолдау айлығында кездесулер ұйымдастырып отырады.
Жергілікті басқару органдары үшін өңірлік буын ретіндегі біздің облыстық статистика департаментінің рөлі өте жоғары, статистика әрқашан сұранысқа ие. Уақытында ұсынылған статистикалық ақпарат облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдауға және шешімдер қабылдауға өте қажет.
Мемлекеттің статистикаға деген сенімділігі мен оның маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы бұйрығымен қарашаның 8-і Статистика күні деп жарияланған болатын. Мемлекеттік статистиканың тарихы жалғасын табуда, біздің алдымызда статистиканың әрі қарай жетілуі және дамуы бойынша жаңа міндеттер тұр. 2020 жылы қазан айында 3-ші Ұлттық халық санағын өткізу статистика органдарына үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Мереке күні қарсаңында облыстың статистика саласындағы әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және отбасыларына амандық тілеймін.

Ермек МУСИНА,
Ақмола облыстық статистика департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар