Ынтымаққа ынталы әріптестік

Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен «Қазақстан мен Ресейдің шекаралық әріптестігін дамытудың өзекті мәселелері» атты 16-шы өңіраралық әріптестік форумы өтуде. Форумға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бастаған ақмолалық делегация да қатысуда.

Форумға қатысушылар арасында екі елдің көрші облыстарының басшылары мен іскер азаматтары да бар. Кездесу шеңберінде көрші екі мемлекеттің әлеуметтік-экономика саласындағы жетістіктері паш етіліп, әріптестікті дамыту мәселелері талқыланып, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған. Форумның алғашқы күні Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми даму министрлігі арасында екжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталмыш форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бастап жыл сайын екі елде кезек-кезек өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат – көршілес, екі елдің, әсіресе, шекара маңындағы өңірлердің өркендеуіне серпін беру. Мәселен, 2016 жылы форум Астанада ұйымдастырылып, онда көлік-транзиттік мәселелер талқыланған болса, 2017 жылы Челябинскіде өтіп, ол адам капиталын дамыту тақырыбына арналды. Ал, былтыр Петропавлда екіжақты туризмді дамытудың жолдары кеңінен қаузалған еді. 2020 жылы мұндай кездесу Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында өтеді деп күтілуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар