Сан қыранды самғатқан алтын ұя

Таяуда М.Ғабдуллин атындағы көп тілде оқытатын мамандандырылған гимназиясына 100 жыл толады. Тарихы тереңде жатқан қасиетті қара шаңырақ қабырғасынан талай ғалымдар мен академиктер түлеп ұшты. Сан қыранды самғатқан алтын ұя мектептің бір ғасырдағы өмірі тарихқа толы екені бәріне мәлім. Мен 1998 жылдан бастап, яғни, таза қазақ мектебі болып құрылған сәтінен бастап, соңғы 30 жылына тоқталғым келеді.
Қазақ мектебіне деген сенімсіздік дүдамал ойларды жоққа шығарып, халық сеніміне ие болу алғашқы жылдары оңайға соққан жоқ. Осы кезде тізгінді қолға алған мектеп басшысы Раушан Бақытжанқызы болатын. Жаңа ғана педагогикалық училищені тәмамдаған жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздарды жинап, үй-үйді аралап, қазақ мектебіне балаларын бермеген ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізіп, қазақ мектебін құруда алғашқы бастамашы болған еді. Олардың қатарында сол кездегі жас маман, бүгінгі күні оқу ісінің меңгерушісі дәрежесіне көтерілген Алмагүл Әскербекқызы Қаскеева бар. 1989 жылы алғашқы қазақ мектебінің 1 сыныбына 19 оқушы қабылданды. Онан кейін Мәдина Райысова және бүгінгі ұлағатты ұстаз Майра Айтмұхамбетқызы Нығметова бұл істі жалғастырып еді. Сол түренді бастаған тәжірибелі ұстаздардың көбі – өмір заңымен дүниеден өтсе, көбісі бүгінде еңбек ардагерлері. Олар: Ғалия Хамитқызы Әбішева, Сұлушаш Құдабайқызы Есенбаева, Қаратай Байкенұлы Төлекеев, Тұрғын Қабидоллақызы Рахымжанова, Майра Ысқаққызы Ысқақова, Нұрғиса Құмқұлқызы Құмқұлова, Айдан Сұлтанқызы Сұлтанова, Зиады Жұмкеқызы Жұмкина, Күнімай апай Жүнісова, Гүлнәр Ибрагимқызы Мұқаева, Гүлнәр Нұрмағамбетқызы Шамелова, Жаңылсын Балтабайқызы Қапарова, Клара Есләмбекқызы Нығанова, Мағрипа Ғазизқызы Шоңова, Балжан Қажнабиқызы Шаршенова, Ботагөз апай Тасболатова, Әсия Әлтейқызы, Лиза Ыдырысқызы, Күлжиян Мағзұмқызы және тағы басқалары.
Мектеп ұжымын игі істерге бастайтын басшының рөлі өте зор. Осы бағытта жаңашылдық жаршысы болып мектепті басқарған Ғалия Хамитқызы Әбішева мен Гүлнәр Бүркітбайқызы Күшпаеваның еңбегі зор. Қазақ мектебінің республика бойынша 100 үздік мектеп қатарына кіруіне, Ы.Алтынсарин атындағы тіл институтының экспериментальды орталығы болуына, кәсіби шеберлікті дамытуда әр оқушыға кәсіби бағдар берудегі диагностикалық карта шығарудағы жаңалықтарымен қоса, «Ерте жастан ағылшын тілін оқыту» бағдарламасы мен «Тәй-тәй» бағдарламасын алғашқы енгізген де осы кісілер болатын. Басшылық қызметпен қоса, зерттеу жұмысын қатар жүргізген Гүлнәр Бүркітбайқызы мектептегі ұстаздардың ғылыми жұмыспен айналысып, оқушыларды да дайындауын жолға қойған болатын. Нәтижесінде мектеп оқушылары бірнеше дүркін республикалық, халықаралық ғылыми жобаларды қорғап, үлкен жетістікке жетті. Сол оқушылар бүгінде ғылым докторы болып, еліміздегі атаулы жоғары оқу орындарында еңбек етеді. Осы кезеңде мектептің тәрбие ісін басқарған Қозы Шоматұлы Жартанов болатын, онан кейін осы істі қолға алған Қаратай Байкенұлы Төлекеев бүгінде облыстық тіл басқармасын басқарып отырса, жолдасының ісін жалғастырған тәрбие меңгерушісі А.Жартанова қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы IT қазақ лицейінде осы іспен айналысуда. Қазақ мектебінің спорт саласын жандандырып, талай жарыста үздіктер қатарында көрсеткен мұғалім Еркебұлан Қарасартов бүгінде қаламыздағы облыстық «Білім-инновация» мектебінде абыройлы қызмет атқарып, оқушылары республикалық дәрежеде үздіктер қатарынан көрініп жүр.
«Жас келсе-іске» деген бар емес пе? Мектепке жаңа серпін әкеліп, алдыңғы буынның ісін жалғастырған басшы Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева алты жыл ішінде мектепті жан-жақты биіктерге шығарып, жоғары дәрежеде көрсеткен жаңашыл басшы. Осы кезеңде мектеп жан-жақты белестерге көтерілді.
Мектепте талай жылдан бері еңбек етіп жүрген Ботагөз Хамитқызы, Зәуреш Негметқызы, Роза Командир, Бәтия Рамазанқызы, Анар Ибрайқызы, Күлжиян Бекмұханбетқызы, Райхан Бекмағамбетқызы, Ербол Рахымұлы, Мерей Ерсайынұлы мен Қазына Әлмағамбетқызы, Дәмежан Айтбайқызы, Гаухар Әскерқызы, Жұлдыз Олжабайқызы, Айман Балташқызы, Күләш Жұмағалиқызы, Бибігүл Төлегенқызы, Сайран Қариқызы, Шолпан Дүйсекейқызы, Гаухар Қабдешқызы, Гаухар Әскербекқызы, Ұлмекен Ертазақызы, Әйгерім Қасымбекқызы, Ділда Сайлыбаева, Дәметкен Есімсейітова, Гүлбаршын Құзайырова және тағы басқалары мектеп өміріне белсене араласып, білім сайыс-
тарына оқушылар дайындап, жүлделі орындарға жеткізіп, сапалы білім беріп жүрген ұстаздар.
Қазіргі таңда Рабиға Кеңесқызы Әбілхамитова басқарып отырған ұжымның «Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып» ұйымдасуының арқасында мектеп шаңырағы биік, тұғыры мығым.

Шаттық ҚАРАСАРТОВА,
М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар