700 метрлік баспалдақпен жүгірді

Көкшетау қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан 23-ші облыстық «Баспалдақ» жүгіру жарысы өтті.

Жарысқа салауатты өмір салтын ұстанған әуесқойлар мен кәсіби спортшылардан құралған 500-ге жуық адам қатысты. Жарыс ережесіне сай қатысушылар Абай көшесінің бойындағы Тутұғырдан бастап, Бұқпа тауының үстіне дейін 700 метр жолды жүгіріп өтті. Баспалдақпен тауға өрмелеп, жүгіргендер арасында кішкентай балалармен бірге қариялар да болды. Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, аталмыш жарыс сонау 1991 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар