Бурабайдағы «Алтын күз» фестивалі

Бурабай курортында «Four Seasons» имидждік жобасы аясында «Altyn fest Burabay» фестивалі өтіп, белсенділері марапатталды.

Шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау және өзге де өңірлерден туристік сала өкілдері, бау-бақша өсірушілер, қолөнер шеберлері қатысты. Олар жаңа піскен көкөніс, жеміс, жидек, бал, жаңғақ, саңырауқұлақ жəне балықтан үй жағдайында жасалынған түрлі өнімдер мен консервілерді, табиғи шөптерден əзірленген дәрілік шырындар мен қоспаларды ұсынды.
Сонымен қатар, шара аясында өнімді қалай өсіріп, жинау керектігі, консервілер әзірлеп, декоративті жəне өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруде және қолөнер бұйымдарын жасауда қазіргі заманғы озық технологияларды қалай қолдану қажеттігі жөнінде шеберлік сабақтар өтті. Қатысушылар өзара тәжірибе және пікір алмасты.
Байқау жеңімпаздары бірнеше аталым бойынша анықталып, үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар