Міндетті медициналық сақтандыру – уақыт талабы

Ақмола облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна жинау жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің бүгінгі күні аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 7,4 миллиард теңгеге жеткен.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жинақтаушы жүйе емес және қаражатты дербестендіре бөлу қарастырылмаған. Ортақ қаржыландыру – бұл ай сайын медициналық сақтандыру қоры жұмыс берушілер, жұмыскерлер, өзін-өзі қамтитын азаматтар және әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін негізгі төлеуші ретінде мемлекет тарапынан түсетін жарналар мен аударымдардан құралады.
– Жарналардың өсуіне қарамастан, аймағымызда өзінің қызметкерлері үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін төлемеген салық төлеушілер бар, – дейді департаменттің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92 бабына сәйкес, «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» заңды бұзу бірінші рет болғанда ескерту, ал қайталанған жағдайда айыппұл салу көзделген.
Салық төлеушінің жарналары берешегі бар кезінде оның банк шоттарындағы кез-келген ақшалай операциялары берешекті өтеу уақытына дейін тоқтатылады.
Бүгінгі таңда шамамен 7 мыңнан астам адам бірыңғай жиынтық төлем жасап үлгерген. Сондай-ақ, облыс тұрғындарының 98 пайызы медициналық ұйымға тіркеліп, қазір электрондық денсаулық паспорттарын алған. Айта кетейік, міндетті медициналық сақтандыру қоры 1 желтоқсаннан бас-тап тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында 1406 нөмірлі call-орталықты іске қоспақшы. Бастысы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу арқылы науқастар бағасы қымбат жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізетін болады.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар