«Электронды үкімет» порталын пайдаланыңыз

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің даму деңгейі халықтың мемлекеттік қызмет түрлерін алу тәсілдері мен механизмдерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен, «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн режимде мемлекеттік қызмет түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау», «Мүгедек баланы асырап отырған ата-анаға жәрдемақы тағайындау», «Бала тууға байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» секілді мемлекеттік қызмет түрлері «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын еске салады.
Мұның барлығы да азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жасалып отыр. Аталған портал арқылы тұрғындар мемлекеттік қызмет түрлерін алуға үйде отырып-ақ өтініш бере алады. Бұл функция электронды цифрлық қолтанбасы (ЕЦҚ) және жәрдемақы алуға құқығы бар барлық азаматтарға қолжетімді. «Электронды үкімет» порталы тәулік бойы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет түрін алуға электронды өтініш беру үшін аталған веб-сайтқа www.egov.kz сілтемесі арқылы кіруіңіз керек. Одан кейін пайдаланушы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) теру арқылы жеке кабинетіне кіреді. Таңдау терезесінде «Әлеуметтік қамсыздандыру» пунктін басып, қажетті мемлекеттік қызмет түрін таңдайды. Осындай бірнеше қадамдардан өткеннен кейін мәліметтерді растау үшін оның өтініші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Аталған мемлекеттік қызмет түрлерін «Электронды үкімет» порталының көмегімен алу арқылы азаматтар уақыт үнемдейді.
Барлық сұрақтар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының байланыс орталығына хабарласа аласыздар (1411 нөміріне қоңырау шалу тегін). Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін. Сенбі, жексенбіде және мереке күндері демалыс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облыстық
филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар