Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен бейсенбі күні жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Омбы қаласында болып

«Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы 16-шы өңіраралық әріптестік форумына қатысты. Осы сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің көрші облыстарының басшылары мен іскер азаматтары қатысқан Форум шеңберінде шекаралас мемлекеттің туристік жетістіктері ұсынылған көрме ұйымдастырылып, туризм, сауда, экономика салаларында әріптестікті дамыту мәселелері талқыланып, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар