Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен күрес айлығы

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» деген тақырыпта жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы орталығының бас дәрігері Құрманбек Бурмагановтың қатысуымен брифинг болып өтті.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Батеш Бәпенова «Ақмола облысындағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» туралы, ЕАБ дәрігері Сандуғаш Бурмағанова «Тестіле және емде. 90-90-90 стратегиясы» жөнінде және Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Зоя Хван «Халықтың осал топтары арасында қауіпті төмендету» тақырыптарында баяндамаларын оқыды.
Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Зоя Хванның айтуынша, Ақмола облысында 2019 жылдың 9 айында АИТВ жұқпасының 125 жағдайы тіркелген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 21-ге көп. Жас топтары бойынша 30-39 жас аралығындағы адамдардың арасында жұқпаның таралуы жиі кездеседі. Ал, әлеуметтік әлжуаз топтар ішінде жұқтырғандардың көп бөлігін жұмыс істемейтіндер құрайды. Қатерлі дертті жұқтырғандар арасында жұмыс істейтіндер 36, қамаудағылар 7,6 пайыз, зейнеткерлер мен сотталғандар 1,7 пайыз болып отыр.
Бұған қоса, 2019 жылдың 5 қарашасынан 5 желтоқсаны аралығында ЖИТС-пен күрес күніне орай Қазақстанда дүниежүзілік науқан өткізілетіндігі айтылды. Осыған байланысты облысымызда дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған айлық өткізілмекші. Халықтың барлық топтарын қамти отырып, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша диалогтық алаңдар, дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер, баспасөз конференциялары, акциялар мен байқаулар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар