Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу – уақыт талабы

Үкімет мүшелерінің сапары Көкшетау қаласында жалғасты. Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында медициналық қызметкерлермен кездесуде сөз алған Бердібек Сапарбаев арнайы баяндама жасап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде денсаулық, әлеуметтік медициналық сақтандыру салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен бөлінетін қаржы туралы айтты.

Кездесуде медицина саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, медициналық қызмет сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері талқыланды.
– Бүгінгі күні республика бойынша шартты түрде халықтың 87 пайызы сақтандырылған болса, оның ішінде 10 миллион адам жеңілдетілген санатқа жатады, 5,4 миллион жалдамалы жұмысшылар, 700 мыңға жуық жеке кәсіпкерлер, тағы басқа топтағы 200 мың адам бар. Елдің азаматтары жүйенің дербес қатысушылары бола алады. Ақмола облысы бойынша 392,4 мың адамға жеңілдік жасалады. 234,8 мың адам жалдамалы жұмысшылар қатарына жатады. 30,9 мың адам жеке кәсіпкерлер. Осылайша, Ақмола облысы халқының 90 пайызы сақтандыру жүйесіне енгізілді, – дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Нәдіров.
Осы ретте, Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу арқылы денсаулық сақтау саласы жүйесін қаржыландыру көлемі артатынын атап өтті.
– Бүгінгі жиі айтылып жүрген мәселе – медициналық қызмет сапасы. Бұл туралы БАҚ-тардан естіп, көріп те жүрсіздер. Осы бағытта Үкімет тарапынан денсаулық саласына қыруар қаржы бөлініп келеді. Сондықтан, әр дәрігер қызметіне адал болып, халыққа сапалы қызмет көрсеткені маңызды. Жалпы, келер жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруда мәселе туындамауы керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы біз барлық мәселені шешуіміз керек, – дейді вице-премьер.
Сонымен қатар, кездесуде халықты уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар