Білімді ұрпақ тәрбиелеуге мүдделіміз

Көкшетау қаласындағы IT мектеп-лицейінде қала педагогтарымен өткен кездесуге Премьер-министрдің орынбасары

Бердібек Сапарбаевтың өзі қатысып, педагогтардың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға тұшымды жауап беріп, білім саласындағы бірқатар мәселелерге де тоқталып өтті.

Жиынды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жүргізіп отырды. Педагогтармен кездесу барысында жаңартылған білім беру жүйесінің мәселелері де талқыланды. Бұл жайында вице-министр Шолпан Каринова өзінің баяндамасында тарқатып айтып берді.
– Білім берудің жүйесін одан әрі жетілдіру – мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, білім сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде жаңартылған оқу мазмұнына байланысты көптеген пікір- таластар туындап, қызу талқыланып жатыр. Иә, рас кеңестік дәуірдегі оқу мазмұны жақсы еді. Бірақ, бүгінгі заман талабы басқа. Адамзаттың ақыл-ойы мен әлем мәдениеті дамыған сайын білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойылып отыр. Іс жүзінде СОР – бұл бұрын пайдаланылған тақырыптық бақылау жұмыстары болса, ал СОЧ – бұл тоқсандық бақылау жұмыстары. Ескі және жаңа бағалау жүйесінде орындалатын бақылау жұмыстарының санында елеулі айырмашылық жоқ деуге болады, – деді вице-министр өз сөзінде.
Бұдан соң, Шолпан Каринова мемлекеттік тілде оқытатын Көкшетау қаласындағы №20 «Zerek» балабақшасына барды. Вице-министр балаларға компьютерлік сауаттылықты меңгеруге және компьютерлік техникамен қарым-қатынас мәдениетін дамытуға көмектесетін «Alio» сенсорлық дисплейінің, робототехника кабинетінің, интерактивті скалодром, сенсорлық бөлменің жұмыстарымен танысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар