Абай-дана, Абай-дара қазақта

«Рухани жаңғыру» аясында жас әдебиетшілер мен ақындар жиыны ауысымында қазақтың ғұлама ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының

туғанына 175 жыл толуына орай, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Ақынның көңілге түрлі ой салар өлеңдері мен адамзатқа ұстаз болған қара сөздері арқылы бар қазақтың жүрегінің төрінен орын алған ұлы тұлғаға арналған әдеби кештің мақсаты – қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүюді ұғындыру.
Кеш барысында ауысым қатысушылары ойшыл ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды бірқатар әндерін орындады.
Сондай-ақ, балдәурендіктер ақын туралы естеліктермен бөлісіп, өздерінің арнауларын оқып, шығармаларындағы терең философия жайлы тамаша сахналық қойылымдарды орындауда данагөй бабаларымыздың рөлдерін тамаша сомдады. Ал, барлық көрерменнің орындауындағы Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әні бүкіл «Балдәуренді» әдемі қоңыр әуенімен тербеткендей болды. Сонымен қатар, Абайдың балалық шағы мен шығармашылыққа бет бұрған кезеңінен бастап өмірінің соңғы күніне дейін суреттелген бейнефильмнен үзінді көрсетілді.
Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды заман тынысы, халық үні, мәңгі өшпес жарық жұлдызы, кемеңгер ойшылы болып қалады.

Салтанат ҚАЛИЕВА,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар