Жеңімпаздар анықталды

Қарттар айлығы құрметіне қала әкімінің жүлдесі үшін шахмат пен дойбыдан өткен турнир мәресіне жетті. Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев жеңімпаз атанған зейнеткерлерді құттықтап, ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Көкшетау қаласы әкімінің кубогы үшін ардагер шахматшылар арасында өткен турнирге он сегіз үміткер қатысып, бақ сынасты. Мүмкін болған тоғыз ұпайды олжалаған спорт шеберлігіне кандидат Сәкен Тәңірқұлов бірінші орынды жеңіп алды. Ал, 7,5-7 ұпаймен жүлделі екінші-үшінші орындарды Абай Қабдулинов пен Тельман Мұқышев бөлісті. Ойын барысында белсенділік танытқаны үшін Рашид Ғайнуллин, Алпыс Жұрын, Арыс-тан Аяғанов ынталандыру сыйлықтарын алды.
Үш күнге созылған дойбы жарысында жаңа жеңімпаздардың есімдері анықталды. Жеңіске деген құштарлық танытқан Сайлау Көшкенұлы он бес ұпаймен бірінші орынды еншілесе, он төрт және он үш ұпаймен екінші-үшінші орындарды Алпыс Жұрын мен Владимир Тонких олжалады.

Балталы Сәрсенбаев,
журналистика ардагері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар