Орталықтағы асық ойыны

Жуырда Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығында асық ойыны болып өтті. Оны осы орталықтың оқытушысы Теңдік Мұқышева ұйымдастырды.

Алдымен, асық ойыны туралы мәтіндер латын қарпімен жазылып, ватсап желісі арқылы қатысушылардың ұялы телефондарына жүктелді. Ал, тікелей асық ойыны алдында халқымыздың осы бір көне ұлттық ойыны туралы бейне түсірілім көрсетілді. Орталық тыңдаушылары асық туралы мәліметтерді телефондарынан оқып берсе, өз кезегінде бұл ойынды ойнап көргендер бір-бірімен шеберлік сынасты.
Сөйтіп, облыстық ветеринарлық инспекцияның қызметкерлері Қазбек Әбілқайыр, Тимур Сыздықов, Рамазан Шериязданов және асық атудан Ақмола облыстық құрама командасының аға жаттықтырушысы Самат Әукенов осы ойын барысында өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шықты. Сайысқа сондай-ақ, оқу-әдістемелік орталығының жас маманы, бағдарламашы Самат Нұржан да қатысып, осы ойынға тұңғыш рет қызығушылық танытқанына қарамастан, талабымен сүйсінтті.
Осылайша ойын өте тартысты әрі қызғылықты өтіп, басқа тамашалаушылардың да ынта-ықыласын туғызды. Алдағы уақытта да орталық қызметкерлері мұнымен шектеліп қалмай, осындай ұлтымызға, рухымызға сай келетін мәнді іс-шараларға баса көңіл бөлінбекші.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар