Көкшетау қаласын дамытудың жобасы бекітілді

Алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ. Ыдырысов, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Сессия жұмысының алдында облыстық мәслихат хатшысы Ә.Баймағамбетов депутат Е.Мащинскаяға «Үздік депутат» медалін табыс етіп, Ә.Жақсылықовты «Үздік кәсіпкер» номинациясындағы жеңісімен құттықтады. Әлібек Бекболатұлы құттықтау сөзінде аталған депутаттар әрбір міндетке сай келетінін, шынайы құрметке лайық екенін атап өтіп, оларға мықты денсаулық және қажымас күш-жігер тіледі.
Сессияда депутаттардың талқылауына 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау және Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын бекіту туралы мәселелер ұсынылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында оларды қайта бөлу жолымен бюджеттік бағдарламалар бойынша өзгерістер енгізілгенінен хабардар етті. Аталған қаражат 2019-2020 жылғы қысқы жылу беру маусымын өткізуге, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын бірлесіп қаржыландыруға және әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға бағытталады. Бағдарлама әкімшілерінің бөлінген бюджет қаражатын толық игеруі туралы бірқатар сауалдардан кейін депутаттар бюджетті нақтылау жөніндегі шешімді бірауыздан қолдады.
Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі дамуы туралы депутаттарға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Е.Абуев баяндады. Осы стратегияны әзірлеудің басты мақсаты облыс орталығы тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру, қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамыту болып табылады. Сессияда әрбір қала тұрғынының өмір сүру сапасын арттыруға әсер ететін нақты шаралар мен индикаторлар қарастырылған бес стратегиялық бағыт айқындалды.
Бұған қоса, мәслихат сессиясында облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдарға өзгертулер енгізу бойынша 8 шешім және Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Атбасар, Астрахан, Ерейментау аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер бойынша 7 шешім қабылданды. Осымен сессия өз жұмысын аяқтады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар