Достық кеші

Жуырда облыс орталығындағы Достық үйінде «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлік пен достық» тақырыбында мазмұнды кеш өтті.

Қала тұрғындары мен жастар қауымы қатысқан шарада аталмыш қоғамдық бірлестік төрағасы Александр Артеменко сөз алып, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып келе жатқанын тілге тиек етті. Елімізде бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосып жүрген ең белсенді деген жастарға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және бірлестіктің атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, шара мерекелік концертпен өз мәресіне жетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар