Бурабайлық «Спарта» – жеңімпаз!

Көкшетауда Жастар жылы аясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогы үшін кикбоксингтен облыстық турнир өтті. Спорттық додада Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан және Атбасар, Бурабай аудандарынан келген 165 спортшы бақ сынады.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортқа жұмылдыру. Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблея-
сы хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті А.Герасимов жарыс қатысушыларын жігерлендіріп, бұл турнир үлкен спорттың бастамасы болатынын айтып, оларға рухани қолдау көрсетті.
Екі күнге жалғасқан спорт жарысына әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарай 12 командадан құралған спортшылар қатысты. Шаршы алаңда балалардың да, ересектердің де жеңіске деген ұмтылысы басым болды. Олар намысты қолға бермей, өздерінің ер мінездерін көрсетіп, ақтық демі қалғанша күресті.
Жарыс қорытындысы бойынша, Бурабай ауданының «Спарта» командасы бірінші орынға ие болса, Көкшетау қаласының «Банзай» командасы екінші орынды еншіледі, ал, Краснояр селосының «Кикбоксинг федерациясының қауымдастығы» үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубоктарымен және дипломдарымен марапатталды. Жеке есепте жеңімпаздар медальдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар