Мемлекеттік жер кадастры құрылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Берік Жұманазаров брифинг өткізіп, облыстық жер кадастры – бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын құру жөнінде айтып берді.

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, орналасқан орны, жер учаскелерінің көлемі, шекарасы мен сапасы, оны тиімді пайдалану, жерді пайдалану мен жер учаскелерінің кадастрлық бағасының есебі, өзге де қажетті анықтама жөніндегі мәлімет жүйесін ұсынады. Сондай-ақ, аталмыш кадастрға субъектілердің жер учаскесіне құқы жөнінде ақпарат кіреді. Электрондық нұсқада мемлекеттік жер кадастрын енгізу тетіктерінің бірі – мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады. Бұл ақпараттық жүйеге де жер учаскелерінің сапалық және сандық мінездемесі, оның ішінде жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар жөнінде мәлімет енгізілген. Бүгінгі күні мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде облыстың 317 675 жер учаскесі тіркелген.
Берік Жұманазаровтың айтуынша, филиал бэк-кеңсе базасында мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді. Биылғы жылдың 10 айында 23367 қызмет көрсетіпті. Оның ішінде жер участогына 13081, жерді тұрақты пайдалануға 426, жерді уақытша пайдалануға 3351, жерді уақытша өмір бойы пайдалануға 110 жекеменшік құқы актісін берген. Сондай-ақ, 2176 жер учаскесінің кадастрлық бағасын анықтапты. Филиал мемлекеттік қызмет көрсетумен бірге жер учаскелерінің шекарасын белгілеу, жерге орналастыру жобаларын жасау, топографиялық жұмыс атқару тәрізді коммерциялық қызмет көрсетеді. Биылғы жылдың 10 айында 17318 коммерциялық қызмет көрсетіліпті.
–Мемлекеттік тапсырыс аясында филиал іздестіру, жерді мониторингілеу, ауыл шаруашылығына бағытталған жерге құжат беру жұмысын орындайды. Сондай-ақ, өтінім бойынша жер бұзылған кезде топырақтың құнарлы қабатын анықтау үшін жер учаскесінің топырағын зерттейді. Мұнда филиал жұмысына қатысты аяқталған инвентарлау, тіркеу, жер кадастрлық іс және өзге де құжаттар сақталады. Өткен жылы жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқы әділет органынан мемлекеттік корпорацияға берілді,–деген филиал директорының орынбасары тілшілер сауалына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар