Маңызды жобаларға инвестиция тарту – басты міндет

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы «Green Which» бизнес орталығының инвесторларға арналған фронт-офис алаңында

тікелей қарым-қатынас форматында «Инвестор сағатын» өткізді.

Бүгінгі күні мемлекет инвесторларды қолдау үшін барлық жағдай жасауда. Осы бағытта мемлекеттік қолдаудың пәрменді шаралары қарастырылған. Инвестор сағатына өңірге инвестиция салуға және оны дамытуға ниет білдірген инвесторлар келді. Солардың бірі – «Kusto Energy» серіктестігі Түркияның «Kusto» компаниясы тобының энергетикалық бөлімшесі болып табылады. Компания энергетикамен байланысты жобалармен айналысады. Бүгінгі күні оның құрылыс технологиясы мен экологиялық таза электр энергиясын, жылу, газ және органикалық тыңайтқыш өндіретін зауыттары бар. Компанияның бас директоры Алмас Төленов өздерінің «Макинск құс фабрикасы мен «КазБиф» серіктестігі үшін биогаз зауытын салу» жобасын жүзеге асырғылары келетінін айтты, ал «Грин Валей» компаниясының директоры Ахмет Алмади облыс аумағында тәулігіне 200 тонна майлы дақылдар өсіру және өңдеу жобасын Көкшетау қаласында жүзеге асырғысы келетінін мәлімдеді.
Тимур Тәженов басқаратын «Tabys Agro Ast» компаниясының бидайды терең өңдейтін және крахмал, глютен және мал азығы қоспасын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобасы да облыс әкімі тарапынан мақұлданды. Зеренді ауданында салынатын бұл зауыттың қондырғысы жылына 150-300 мың тонна бидай өңдейді. «Borey Energo» серіктестігі жобасының басшысы Нұрбек Әбдешов РРА екі контрактісі бойынша жел электр станциясын
салуды жоспарлауда. Қуаты 100 Мвт құрайтын бұл нысан Аршалы ауданында жүзеге асырылмақшы. Жобаға қытайлық инвесторлар тартылуда. Сондай-ақ, облыс әкімі «ПКФ Табыс», «В.В. NURA», «Орталық базар» серіктестіктері мен жеке кәсіпкерлері сияқты отандық инвесторлардың жобаларын да тыңдады. Олар көтерме тарату және гемодиализ орталықтарын, «Көктау отбасылық кешенін» және спорт нысанын салуды жоспарлауда. Осы кездесу аясында әр кәсіпкер мен ірі инвестор өз жобаларын, даму жоспарларын ұсынып, талқылап, тиісті мемлекеттік органдардан қажетті кеңестер алды. Облыс басшысы өңіріміз үшін маңызды жобаларға инвесторлар тартып, оларды сүйемелдеу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар