«Оралман мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

Ақмола облысында 2019 жылғы жағдайға сәйкес 1991-2019 жылдар аралығында алыс және жақын шетелдерден келген отандастардың 8778 отбасы тұрады, оның ішінде барлығы 39766 адам.

Этникалық қазақтар көбіне Моңғолиядан 4224 отбасы (21503 адам) келді, Өзбекстаннан 2611 отбасы (11662 адам), Қытайдан 1022 отбасы (3140 адам), Ресейден 790 отбасы (2932 адам), Қырғызстаннан 60 отбасы (224 адам), Түркменстаннан 48 отбасы (226 адам), Түркиядан 2 отбасы (5 адам), сондай-ақ, ТМД басқа мемлекеттерінен (Украина, Тәжікстан, Грузия) 21 отбасы (74 адам).
Қазіргі уақытта оралмандар отбасыларының ең көп саны Ерейментау ауданында тұрады – 1301 отбасы (5461 адам), Бұланды ауданында – 1126 отбасы (6456 адам), Целиноград ауданында – 1081 отбасы (4817 адам), Көкшетау қаласында – 1090 отбасы (3873 адам) бар.
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Оралман мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына құжаттар топтамасын тапсыру сәтінен бастап «Оралман мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде, тегін көрсетіледі. Қызмет алушылар тарихи Отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары болып табылады.
Мемлекеттік қызмет заңнамамен белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.
Қызметті көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге жұмыс стандарттары мен регламенттері, басқа нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктеме беріледі.
Жұмыстың негізгі бағыттары – қызметті көрсету мерзімдерінің сақталуына бақылау, қызметті көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру.
Сонымен, Ақмола облысында ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 410 адамға оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Қытайдан – 156 адам, Моңғолиядан – 178 адам, Өзбекстаннан – 60 адам, Ресейден – 16 адам.
Жыл басынан бастап комиссияның 6 отырысы өткізілді, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына 306 адам қосылды.
Көшіп келген оралмандарға көшуге көмекқаржы және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге көмекқаржы төленеді.
Көшуге көмекқаржы – отбасының әрбір мүшесіне бір жолғы отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бо-йынша шығыстарды өтеуге көмекқаржы – қалалық елді мекенге көшіп келгендерге ай сайын он екі ай ішінде:
– бір адам үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ауылдық елді мекенге:
– бір адам үшін он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса, он сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде жиырма бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Еркін көшуге қатысушының келісімімен оның меншігіне тұрғын үй сатып алуы үшін өңірлік комиссия ұсынымдары негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде көмекқаржы сомасын бір рет төлеуге мүмкіндік беріледі.
Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.
Аталған қызмет бойынша ақпаратты басқармада және басқарманың social@akmo.kz ресми сайтында алуға болады.

Едіге ИСЕНОВ,
Ақмола облысының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
көші-қон бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар