Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің Тұңғыш Президентін сайлады және тәуелсіздік тарихы да осы кезеңнен бастау алады. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Жас тәуелсіз еліміздің ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуі Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделін көтере түсті. Міне, осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да, жыл сайын 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі болып кеңінен аталып өтеді. Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап Елбасының атқарған игі істері жетерлік.
Мәселен, Мемлекет басшысының сол бір қиын-қыстау кезеңде, яғни, 1991 жылдың 29 тамызында 60 жылға жуық уақыт бойы Абай, Шәкәрім сынды даналар дүниеге келген Семей топырағындағы ядролық сынақтарды тоқтату туралы Жарлыққа қол қоюы ерлікпен пара-пар еді. Әрине, мұндай қадамға бару жолында қаншама кедергілердің көп болғандығы да сөзсіз. Бірақ, нағыз мемлекет қайраткері қарапайым саясаткерден әлдеқайда ерекшеленеді, олар кез-келген мәселені қазіргі конъюнктуралы санатпен ойламайды, ол стратегиялық тәртіп түсінігін басшылыққа алады», – деген болатын.
Елбасының жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Қазақстан әлемде өзінің саяси орнын айқындап алды. Бейбіт сая-сат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Еуропаның төріне шықты. Діни толеранттылыққа қол жеткізді.
Қазіргі күні әлем Қазақстандағы халықтар мен наным-сенімдердің, мәдениеттердің, дәстүрлердің, тілдердің, діндердің байлығынан сабақ ала ма!? Ала алатындығымызға мен кәміл сенімдімін», – деп ағынан жарылған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар