Құрметті ақмолалықтар!

Баршаңызды Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы атынан мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Қазақстанның жаңа тарихы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ол әрдайым егеменді мемлекет құру, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, елдің экономикасын дамытып, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын алып, халықаралық тең құқықтылығын қамтамасыз ету идеясын жақтаушы болды. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жаһандану жағдайына Қазақстанның икемді бейімделуінің негізгі басымдықтарын анықтайтын мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Ел дамуының бағыты Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген. Біз бай рухани құндылықтардың мызғымас символы ретінде Ұлы Дала елі тарихи мұрасын мақтан тұтамыз және сақтаймыз.
Бұл мереке бостандық пен демократия құндылықтарының мызғымастығын білдіреді және азаматтарды Қазақстанды қуатты, жайлы, гүлденген мемлекет етуге біріктіреді.
Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға береке-бақыт, ойға алған мақсат-жоспарларыңыздың жүзеге асырылуын, Отан игілігі жолындағы еңбектеріңіздің табысты болуын тілеймін!

Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар