Қолымыздан келген істер көп

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5-ші қазанында қазақстандықтарға арнаған Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жария етті. Бұл жөнінде ғаламтор беттерінде, әлеуметтік желі парақшаларында, газеттерде және телеарналарда көрсетіліп, айтылып келеді. Жастарға биылғы жыл жаңа бағыттарда жұмыс істеуге, еліне пайдасын тигізуге мүмкіндіктер туғызды. Демек, Үкімет тарапынан берілген мүмкіндіктерді тиімді қолданып, еліміздің дамуына өз үлесін қосу жастардың басты назарында болуы тиіс.

Осыған орай, жастар жылына байланысты еліміздің әр өңірлерінде түрлі іс-шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда жастарға арнап, сан-түрлі жобалар жүзеге асырылып, жарқын болашақтың есігін ашуға жаңашыл бағыттар іске қосылды. Сондай-ақ, жастар жылы аясында мейірімділікке, адамгершілікке шақыратын қайырымдылық акциялар маусымы басталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы, яғни, жастар жылы басталғалы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы облыс бойынша көптеген салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізетін, көлемді, мағыналы, тәрбиелік мәні бар, ұлттық құндылығымызды жаңғырту мақсатында іс-шараларды өткізіп жатыр. Қазіргі таңда, облыс бойынша жиырмадан артық жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс істеуде. Жастар ресурстық орталықтары әр жастар бірлестіктерімен тығыз байланыста бола отырып, олармен бірлесіп көптеген шаралар өткізуде. Одан әрі облыстық жастар ресурстық орталығы аудандық және қалалық филиалдарымен де бірлесе іс-шаралар атқаруда. Бұл биылғы жылдың ерекшелігі десек қателеспеген болармыз.
Жоғарыда айтылғандай жас-тарымызды қайырымдылыққа шақыру мақсатында, жыл бойы өткізіліп келе жатқан «Мейірімді іс – 2019» акциясын ерекше атап өтуге болады. Аталған акцияға тек облыстық жастар-ресурстық орталығы ғана қатысып қоймай, сонымен қатар, барлық өңірлік жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары атсалысып жүр. Облыстық жастар ресурстық орталығы қайырымды іс акциясы аясында, ауа райының қолайсыздығына қарамай, қаламыздағы қарт адамдардың ауласындағы қарды тазалаудан бастаған болатын. Қарттарымыздың қуаныштарында шек қалмай, ақ тілектерін ақ қар жауғандай ізгі ниеттерімен бөлісті.
Жастар жылы шеңберінде, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ақмола жас қанаты», «Ice Bit» мұз айдынында би кеші, «Жайдарман» ойындары өткізілді. Сонымен қатар, «Облыстық стритболдан» жарыс, «STREET WORKOUT», «Мини-футболдан» турнир сияқты аудандық жастар ресурстық орталықтарымен бірлесе ұйымдастырылған көптеген спорттық ойындар да бар. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Студенттік көктем – 2019» байқауы, қаламыздың жастарына арнап ашық аспан астында «OPEN AIR» би кештері жиі ұйымдастырылып келеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе облысымыздың жас кәсіпкерлеріне арнап «Бас-та» диалог алаңы, өңіріміздегі жас келіндер арасында «Келіндер бәйгесі» байқауы сияқты іс-шаралар өткізіліп, жеңімпаздары марапатталады. Жастар арасындағы осал мәселелердің бірі – ол жұмыссыз жүрген жастардың көбеюі. Оларды жұмысқа орналастыру бағытында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» жиі өткізіліп тұрады. Биыл аталған жәрмеңке барысында 700-ден астам жас жұмысқа орналасты.
Атаулы жылдың аяқталуына екі айға жуық уақыт қалғанымен, әлі де жоспарда тұрған іс-шаралар көп. Жастар жылын сәтті аяқтауын қамтамасыз ету және жылы жүзбен шығарып салу керек екендігіне назар аударылуда.
Президентіміздің қолдауымен келесі жылы – Еріктілер жылы деп жарияланды. Осыған орай, еріктілер жылына арналған жаңа жобалар мен іс-шаралардың жоспары әзірленуде. Жастар – қоғамның қозғаушы күші және белсенді буыны. Ақмолалық жастар келесі жылды тағы да мерекелік жыл болатынына сеніммен қарап, қызу дайындалуда.

Ақмола облыстық
ішкі саясат басқармасының
жастар-ресурстық орталығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар