Жалманқұлақтың қос мақтанышы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі аясында Жалманқұлақ ауылынан шыққан бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ілияс Сүлейменов пен Бақытжан Қожабековтың құрметіне арналған облыстық ашық турнир өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Бақытжан Қожабеков он жеті жасында екі рет қатарынан жастар арасындағы Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері болса, Ілияс Сүлейменов еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы атанды, Лондон олимпиадасында ел намысын қорғады. Екеуі де басқа да талай халықаралық жарыстардың жүлдесін олжалады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан қаласынан, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Қорғалжын, Целиноград және Егіндікөл аудандарынан жүзге жуық жасөспірім боксшылар қатысты. Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Ілияс Сүлейменов пен Бақытжан Қожабековке сый-сияпат жасады. Өз кезегінде боксшылар аудан әкімдігіне, жарыс-ты ұйымдастыруға ұйытқы болған Жалманқұлақ ауылдық округінің басшысы Жолымбет Ахметовке, турнирді өткізуге демеушілік көрсеткен Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары Қабдулмуталиф Достенов пен Рустам Ахмедовке ризашылығын білдіріп, дәстүрлі турнирге келген балғын боксшыларға спорт әлеміндегі алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Үш күн бойы шаршы алаңда бақтарын сынаған балалар арасынан өз салмақтары бойынша Ратмир Федоров,Әмірхан Серікбай, Николай Колесник (Егіндікөл ауданы), Олжас Нұрхан (Нұр-Сұлтан қаласы), Иван Винник, Мұхамеджан Серік (Бұланды ауданынан), Алдияр Мұханов, Александр Токарев (Атбасар ауданы), Рахымжан Рашитұлы, Дәулет Сәтбек, Әнес Амангелді (Қорғалжын ауданы), Әли Ғалым, Диас Төлеубаев, Серік Манарбек (Целиноград ауданы) дәстүрлі жарыстың чемпиондары атанды.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұратын, ауданның мақтанышына айналған боксшылар өз аттарынан жүлде тікті.
«Турнирдің ең үздік боксшысы» сыйлығын халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ілияс Сүлейменов өзі тағайындап, «Алтын қолғап» сыйлығын Егіндікөл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Николай Колесникке табыс етті. Ал Бақытжан Қожабеков тағайындаған «Турнирдің ең техникалы боксшысы» сыйлығын Қорғалжын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің боксшысы Әнес Амангелді иеленді.
Алдағы жылы Егіндікөл ауданы 50 жылдығын атап өтеді. Сол мерейтойлық шаралардың қатарында осы жарыс та өтетін болады.

Ғалым ҚОСЫМЖАНҰЛЫ.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар