Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Сауға. Өлім жазасына немесе басқадай ауыр жазаға кесілген адамның жазасын жеңілдету үшін, не босатып алу үшін айыптаушыдан «сауға» сұраған. «Сауғаны» негізінен беделді адамдар ғана сұраған. Көп жағдайда «сауға» сұраушы адам кінәлі адам үшін «құн» төлеген. Екі жақты келісімге келтірген «Сауға» – кінәлі адамның жазасын жеңілдету үшін де қолданылған.
***
Сарқыт. «Сарқыт» – тойдан, астан, айттан қалған тамақты, бауырсақ-тәттілерді, т.б. әйелдердің үйдегі балалары мен немерелеріне алып кетуі. Мұндайда егер үй иесі қарсы болмаса табақта қалған етті де алуға болады. «Сарқыттың» тәрбиелік мәні – қалған тағамдарды ысырап етпеу.
***
Сәлемдеме. «Сәлемдеме» – екі жақтың бір-біріне деген құрметі. Көптен көріспеген сыйлас, жақын адамдар бір-біріне сыйлықтар жіберген. Бұл ретте көбіне соғым малын, бағалы заттар, т.б. ұсынған. Сәлемдемені алған кісі үлкен ризашылықпен батасын берген. Оны айналасындағы достарымен, көршілерімен бөліскен.

Соғым басы. Қысқа қарай соғым сою ертеден келе жатқан ғұрып. Шамасы келгендер соғымға бір емес, бірнеше мал сойған. «Соғым басын» беру міндетті түрде орындалатын дәстүр. Ауыл ақсақалдарын, көршілерін, достарын «соғым басына» шақырып құрметтейді. Жаңа сойылған соғымның етін жеп, дастарқан басында әңгіме-дүкен құрады. Соғым иесіне жақсы тілектерімен бата береді.
***
Сүйінші. «Сүйінші» – жақсылық, қуанышты хабарды жеткізу. Әдетте «сүйінші» сұраушыға сыйлық беріледі. Оның жеткізген хабарына жүрегі жарыла қуанған адам: «Не қаласаң, соны ал!» – деп мырзалық танытатын болған. Негізнде жұрт «Сүйінші!» деген бір ауыз сөзден оның қуанышты хабар екенін білген.
***
Тәбәрік. «Тәбәрік» – бәйгеден не құдалықтан алған сый-сияпатынан, кәдесінен бөлісу. Мұндайда сыйлық алған адам міндетті түрде бөлісуі керек. Бұдан бас тартқан адам дәстүрді бұзушы болып есептеледі. Оны көпшілік алдында күлкі етеді, айыптайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар