Ұстаздарымыз жоғары нәтиже көрсетті

Ақмолалық ұстаздар Алматы қаласында өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша VII-ші халықаралық

шығармашылық байқауында командалық есепте жүлделі үшінші орын алды.

Математика мұғалімдерінің республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен желтоқсанның 1-2 күндері өткен шараға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларынан жиналған барлығы 170 мұғалім қатысты. Жалпы, командалық есепте Ақмола облысы командасы жүлделі 3-ші орын алды. Оның ішінде Бурабай ауданындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Дмитрий Лозинский 2-ші дәрежелі дипломмен, Көкшетаудағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Еркін Хавдеш 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, облыстан барған 6 мұғалім пән бойынша жүйелі және сапалы жұмысы үшін мақтау қағазына ие болды. Байқау аясында шахмат турнирі өткізіліп, онда Амангелді Тілеген 3-ші дәрежелі дипломмен марпатталды.

Сәуле Қожахметова,
Айзада Абдурахимова,
мектепке дейінгі, жалпы өрті білім беру әдіскерлері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар