Сот беделі сапалы жұмыспен көтеріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бірден жұртшылық тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Жолдау Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының негізінде жасалғаның ескерсек, оның мемлекет дамуына елеулі үлес қосатыны және президенттік басқарудың басты бағыттарын белгілейтіні анық.

Президентіміз шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынын нық сеніммен айтты. Экономиканың дамуы халықтың тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Табыстың көтерілуі мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартатының ескерсек, биылғы Жолдау үлкен үміт пен болашақа деген сезімімізді күшейте түседі.
Үкіметке тапсырма ретінде берілген білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халықтың табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулерді жақсарту – бұның бәрі елімізді одан әрі дамытуға игі ықпалын тигізетін маңызды тетіктер. Мені заң саласының қызметкері ретінде, әрі қоғамды бүгінгі күні толғандырып отырған өткір проблемалардың бірі – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы қызықтырады.
Митингілер өткізу туралы заңнаманы жетілдіру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ауыр қылмыстар үшін жазалауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аудару, полиция қызметін реформалау – осылардың бәрі еліміздің алға жылжуы үшін қажетті маңызды салалар екені анық.
Өзім қызмет жасап отырған сот жүйесіндегі болатын оң өзгерістер тиісті нәтижелерін береді деп сенемін. Біздің алдымыздағы негізгі міндеттің бірі – ол сот қызметінің сапасын жақсарту. Азаматтардың дауларын, шағым-өтініштерін мұқият қарап, саралап, заң аясында сөзбұйдаға салмай жедел шешімін шығару, сол арқылы олардың сеніміне ие болу кез-келген сот қызметкерінің, жалпы бүкіл сот жүйесінің беделі мен халықтың сотқа деген сенімін арттырады деп ойлаймын.
Осы орайда Мемлекет басшысы алға қойып отырған міндеттер сот беделін арттыруға игі ықпалын тигізетіні даусыз. Өркениетті елдердің оң тәжірибесін оңтайлы пайдаланып, әрі бүгінгі азаматтардың саяси-құқықтық санасының өскенін де ескеруіміз қажет.
Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау арқылы біз, сот жүйесінің қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуде айтарлықтай ілгері басатынымыз сөзсіз. Мемлекет басшысы нақты міндеттер қойып отыр, ендігі мақсат – сол міндеттерді орындау.
Төлебек Жұмақаев,
Бурабай аудандық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар