Қыс мінезі қатал, сақтанып жүрген жөн

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде баяндады.

–Жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында өртке қатысты 129 төтенше жағдай тіркелді. Департамент бөлімшелері солардың бәрінде болды. 112 желісіне 42756 мәрте телефон шалынды. Мүдделі органдармен бірге облыс жолдарындағы қозғалысқа 5 рет шектеу жасалды. «Казгидромет» РМК мәліметіне сәйкес дауыл соғатыны жөнінде 25 ескерту жасалды. Оның 90-95 пайызы дәлме дәл келді. Жылыну орнына 101 адам, оның ішінде 9 бала орналастырылды,– деген Қанат Доспаев Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград, Есіл, Астрахан, Аршалы аудандарының су айдындарында болған қайғылы оқиғалар жөнінде айтты. Қазір өзен мен көлдер бетіндегі қатқан мұздың қалыңдығы жұқа.
Қыс айларын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жолдарының қауіпті учаскелері анықталып, 239 жылыну орны, 174 тамақтандыру пункті белгіленді. Автокөлік жолдары және теміржолдары қозғалысын үзіліссіз қамтамасыз ету үшін 25 жол ұйымы және 900 арнайы техника жұмылдырылған. 12 мың текше метр көктайғаққа қарсы материалдар қоры дайындалыпты.
Мектептерде интерактивтік жұмыс жүргізіліп, буклеттер таратылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында біршама материалдар жарық көрді. Өңірдің су айдындарында жергілікті атқарушы органдармен бірге 185 рейд өткізілді. 43 ескерту белгісі мен 10 көрнекі стенд орнатылды. Қыс айларында өзен мен көлдерді айналып өткен жөн. Сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды,–деген департамент бастығының орынбасары қыс айларында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде айтып, тілшілер сауалдарына жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар