Жасөспірімдер қылмысы азайып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Руслан Мұсаев жасөспірімдер қылмысы мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты журналистермен брифинг өткізді.

Оның айтуынша, қазіргі күні полиция органында 382 жасөспірім есепте тұр. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда біршама кеміген. Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс көлемі 3,4 пайызға, колледж оқушылары арасындағы қылмыс 12 пайызға, ал жоғары оқу орындары студенттері арасындағы қылмыс 20 пайызға азайған. Бұндай жетістікке полиция қызметкерлерінің жасөспірімдер арасында жүргізген насихат жұмыстарының тигізіп отырған оң ықпалы аз емес. Жыл басынан бері құқық қорғау қызметкерлері жалпы білім беретін және арнайы кәсіби оқу орындарында 7 мыңнан астам кездесулер өткізіп, 450 ата-аналар жиналысын өткізген.
Отбасында болатын зорлық-зомбылықтардың жолын кесу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құқық қызметкерлерімен акциялар өткізіліп, қолайсыз отбасылармен мақсатты жұмыстар жүргізіледі. Жыл басынан бері отбасының шырқын бұзған 33 азамат жауапкершілікке тартылған. Брифингтің соңында Руслан Мұсаев журналистер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар