Тиімдісі – асыл тұқымды мал

Ауданда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ай өткен сайын артып, 27 959,1 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда анағұрлым көп.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 3 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Барлық мал саны 142 басқа көбейіп, 61,9 мың басты құрады. Есептік кезеңде 3128,7 тонна ет, 17 315,8 тонна сүт сатылды. «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Виктор» шаруа қожалығының басшысы Вадим Виттет пен сүт бағытындағы сименталь тұқымдас 47 бас қашарды Чехиядан сатып алып келді. Сондай-ақ, ауданда жыл соңына дейін 80 бас асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отырған әлеуетті қатысушылар бар. Қой шаруашылығын дамыту үшін «Алтай» шаруа қожалығының басшысы К.Қожамбекова 220 қой сатып алды.
Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі бағдарламасын дамыту мақсатында жыл сайын мал бордақылау алаңында өгізшелер семіртіледі. Ірі қара мал еті экспортқа да шығарылады.
Биылғы жылы 2169 бас өгізше семіртілді. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1172 басқа көп. Ресейге 34,9 тонна қара мал еті экспортталды. Жайылымдық жерлерді суландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақжол», «Доброкуль», «Төленді» шаруа қожалықтары ұңғымалар қазды. Ауданның шаруашылық субъектілері жергілікті ірі қара мал басын асылдандыру бойынша жыл сайын тиісті жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыспен 5631 бас сиыр қамтылып, барлық табынның 48 пайызын құрады. Беловод селолық округінде орналасқан «Виктор» шаруа қожалығы «Жақсы Қима» несие серіктестігінен несие алып, 100 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасын салуды жоспарлап отыр.
Айжан ДІЛДЕБАЕВА,
Жақсы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар