Ақмолдағы Мәуліт мерекесі

Ақмол Мәдениет үйінде мұсылман қауымның мерейін асырған Мәуліт мерекесі өтті. Оған Целиноград ауданының түпкір-түпкірінен арнайы қонақтар шақырылды. Мерекелік ізгі шараны Арман Ғабдуллин жүргізіп отырды. Көкшетау қаласынан арнайы келген Ғалым атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Әбенұлы барша дүниеге тазалықтың жарық нұрын сепкен Мұхаммед (с.ғ.с.) жайында ғибратқа толы сөздер айтып, жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Пайғамбарымыздың туған күні құрметіне орталық мешіттің шәкірттері салауат айту үшін сахнаға көтерілді. Мұндай мүмкіндікті Шалқар ауылы мешітінің жас шәкірттері сәтті пайдаланып, «Мекке-Мәдина» әнін тамаша орындады. Ауданымыздың «Ару ана» әжелер ансамблі «Дүние керуен» әнін тебірене шырқады. Ауданымыздың белгілі әншісі Азамат Боранбайұлы «Аллаға шүкір» әнін орындап, жұртшылықтың шынайы ризашылығына бөленді.
Ақмол мәдениет үйінің өнерпаздары шағын «Ана қадірі» қойылымын көрсетіп, қазақ баласының анаға деген ерекше ілтипатын паш етті.
Мәуліт мерекесімен барша жұртшылықты ауданымыздың бас имамы Әбілхан қажы Балтаұлы да құттықтады.
–Алла тағала жүректеріңізді иман нұрымен нұрландырып, Пайғамбарымызға лайықты үммет болуды нәсіп етсін, – деді Әбілхан қажы Балтаұлы.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар