Жаңа жылды тойлаймыз деп жасыл шыршаны кесіп, табиғатқа қиянат жасамайық

Жаңа жылдық мереке қарсаңында Ақмола облысы аумағында қылқан жапырақты ағаштардың жас көшеттерін күшейтілген қорғау шаралары жүргізілуде.

Заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау және анықтау мақсатында облыс бойынша коммуналдық орман шаруашылығы мекемелері мен ұлттық парктердің мемлекеттік инспекторлары, ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұған қоса, тұрақты бақылау пункттері мен постары орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Құқықтық Кодексінің 340-бабына сәйкес орман қоры жерінде заңсыз ағаш кескені үшін 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.
Сонымен қатар, Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 «ҚР орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы» Қаулысы негізінде қылқан жапырақты ағаштардың бір түбін зақымдағаны немесе жойғаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Құрметті тұрғындар! Егер сіз заңсыз ағаш кесудің куәгері болсаңыз, сізден Ақмола облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына 8 (7162) 315588 телефоны бойынша немесе жақын жердегі орман шаруашылығы мекемесіне, олай болмаған жағдайда 102 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ерлан ҚҰТПАНБАЕВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас
маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар