Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

«Құрмет» орденімен

Базаров Тұрлықожа Биназарұлы – «Ү. Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» МКҚК К. Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері, Көкшетау қаласы;

Байзақов Қуанышбек Рүстемұлы – «Алтындән» ЖШС директоры, Ақмола облысының Атбасар ауданы;

Быков Сергей Васильевич – Президент Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ директоры, Ақмола облысының Бурабай ауданы;

Жұманалин Сәкен Кәрімбекұлы – «Намыс» компаниялар тобының бас директоры, Көкшетау қаласы;

Мусханов Жамул Вахитович – «Сандықтау» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Сандықтау ауданы;

Пшенов Тимур Амангелдіұлы – «Маншук-АЭ» ЖШС директоры, Ақмола облысының Целиноград ауданы.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Бельц Александр Готлибович – «Новокубанское» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Шортанды ауданы;

Боранбаев Марат Теміркеұлы – «Хлебороб» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Ақкөл ауданы;

Федосеева Нина Алексеевна – «Гормолзавод» ЖШС цех бастығы, Көкшетау қаласы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Ахметов Самат Қуатұлы – «BalQaragai Country Club» ЖШС директоры, Ақмола облысының Целиноград ауданы;

Аюпов Нұрлан Қайырбекұлы – «Өркен» ЖШС «Өркен-Атансор» өкілдігінің бөлім бастығы, Ақмола облысының Біржан сал ауданы;

Әміренова Алтынай Байқадамқызы – «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы;

Байзиров Ербол Әубәкірұлы – «Тарас» ЖШС директоры, Ақмола облысының Жақсы ауданы;

Баймағамбетова Айгүл Сейсенбекқызы – Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ бас инженері;

Бекенов Нұрлан Жексембайұлы – Ақмола облысы бойынша Тергеу комиссиясының төрағасы;

Дүзелбаев Қанат Малғаждарұлы – «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы;

Есентұров Айбат Абайұлы – «Даниловское и К» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Бұланды ауданы;

Қалабаев Мұңдық Майтанұлы – Президент Іс басқармасы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ Ақылбай орман шаруашылығының инспекторы, Ақмола облысының Бурабай ауданы;

Калишев Рүстем Серікұлы – «Жолаушылар тасымалдау қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, Көкшетау қаласы;
Нығметов Айдар Сағадиұлы – «Жаңа Береке» ЖШС директоры, Ақмола облысының Ерейментау ауданы;

Рахматулин Қалел Рапихұлы – «Бурабай» облыстық бронх-өкпе жүйесі аурулары бар балаларға арналған шипажайы» МКК бас дәрігері, Ақмола облысының Бурабай ауданы;

Төреғожа Қайырбай Зейноллаұлы – Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы;

Түембаев Талғат Қақұлұлы – «Племхозяйство Аршалы» ЖШС бас зоотехнигі, Ақмола облысының Аршалы ауданы;

Тюркина Антонина Леонидовна – «Ново-Приречное» ЖШС орталық қырман меңгерушісі, Ақмола облысының Есіл ауданы;

Хұсайынов Әбілжан Тоқанұлы – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» КММ оқытушысы, Көкшетау қаласы;

Чеботько Николай Сергеевич – «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ шаңғы жарысынан спортшысы, Көкшетау қаласы.

«Шапағат» медалімен

Гитинов Басир Алиасхабович – «Кийма Агро» ЖШС директоры, Ақмола облысының Жақсы ауданы;

Маханов Баләмір Болатұлы – «Қазақалтын ТМК» АҚ бас директоры, Ақмола облысының Степногорск қаласы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Давлетшин Игорь Мугалимович – «Заречный» ЖШС бригадирі, Ақмола облысының Есіл ауданы;

Жигалов Владимир Валерьянович – «СХП Шарафутдинов и К» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Егіндікөл ауданы;

Ивченко Сергей Владимирович – «Нефрит Голд» ЖШС директоры, Ақмола облысының Аршалы ауданы;

Қалабаев Қайрат Сабыржанұлы – «Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы, Ақмола облысы;

Күлбаева Әйгерім Серікбайқызы – «Арықты орта мектебі» КММ директоры, Ақмола облысының Қорғалжын ауданы;

Таңатаров Серік Ермекұлы – «Зеренді аудандық ауруханасы» МКК дәрігері, Ақмола облысы;

Тналинова Гүлбану Аймұранқызы – «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы, Ақмола облысы;

Тоқтарова Гүлнар Қазкенқызы – «Атбасар қаласының №1 орта мектебі» КММ мұғалімі, Ақмола облысының Атбасар ауданы;

Червинский Виктор Александрович – «Сельхозхимия» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Жарқайың ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев.

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша
№ 207.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар