«Өсімдіктерді қорғау туралы»

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VI ҚРЗ Заңына сәйкес, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға аумақтар мен объектілерге тексеру жүргізуге бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, Кәсіпкерлік кодекс нормаларын қолданбай жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерінің жай-күйін айқындау жөніндегі функциялар берілген. Бұдан басқа, «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 Заңының (бұдан әрі-Заң) 19-бабына сәйкес мемлекеттік инспекторлар пестицидтерді сақтауға, өткізуге және қолдануға бақылауды жүзеге асырады.

Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану жағдайларының өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің, сондай-ақ, пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің міндетті талаптарына сәйкестікті айқындау үшін үлгілер іріктеп алынады. Cондай-ақ, Заңның 14-6 бабына келесі мазмұндағы пестицидтерді мемлекеттік тіркеу бойынша қосымша тармақтар қосылды.
2. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінен айыру (оны кері қайтарып алу):
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган растаған, адамдардың денсаулығы немесе қоршаған орта үшін пестицидтің қауіптілігі туралы бұрын белгісіз болған мәліметтер алынған;
2) пестицид Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының тізбесіне енгізілген;
3) фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер негізінде қолданылатын тіркелген пестицидтің биологиялық тиімділігінің болмау фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші заты химиялық құрамы мен мөлшерінің пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады.
Қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші затының химиялық құрамы мен мөлшері пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын он екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта бастау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ж. ЖҰМАНОВА,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК МИК Ақмола ОАИ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар