Еуропа чемпионатынан жеңіспен оралды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Еуропа чемпионатының жеңімпаздары Имран Ибрагимов және Дамир Абдрахмановпен кездесіп, спортшыларды жүлделерімен құттықтады.

Айта кетейік, биылғы жылдың 14-15 желтоқсанында Мәскеу қаласында өткен Еуропа чемпионатына Қазақстаннан жеті, соның ішінде біздің облысымыздан үш спортшы қатысқан болатын. Олар Имран Ибрагимов, Дамир Абрахманов пен Айдын Жақыпов. Кездесуде  облыс әкімі:

­­­–Соңғы үш-төрт жылда біз 15 Workout алаңдар салдық. Жақсы, Аршалы, Атбасар аудандарында заман талабына сай спорт алаңдары бар. Осының барлығы тұрғындар арасында спорттың кеңінен таралуына игі ықпалын тигізуде. Әсіресе, ауыл жастарын спортқа, соның ішінде  Street Workout-қа көптеп тартуымыз керек. Қалалық, облыстық, республикалық жарыстардан спортшыларымыздың жүлде әкелетініне қуанатынбыз. Енді, міне сіздердің Еуропа чемпионатынан жеңіспен оралып отырғандарыңыз жаңа жыл қарсаңында баршамызға үлкен қуаныш сыйлады. Осымен тоқтап қалмай, әрі қарай биік белестерге жете беріңіздер, – дей келе, спортшыларды жеңістерімен құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Өз кезегінде жеңімпаз спортшылар облыс әкіміне чемпионаттан арнайы алып келген кәдесыйды тарту етті.

Кездесу барысында спортшылар чемпионаттан алған әсерлерімен бөлісті. 12 мемлекеттің 200-ден астам спортшысы қатыстан тартысты додада біздің еліміз 31 медаль иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алған. Тағы бір атап өтерлік қуанышты жайт, 31 медальдің 25-і алтын. Street Workout деп аталатын спорт түрі бойынша жоғарыда аталған үш спортшымыз да қатарынан бірнеше жүлделі орынды еншілеген екен. Сонымен қатар, жерлестеріміз халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын қорғап, еуропаның рекордын жаңартыпты.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар